Ағымдағы жылдың, сәуір айының, он сегізінші жұлдызы күні, Қызылтөбе-2 дәрігерлік амбулаториясында, жалпы тәжірибелі дәрігер: С.Ж.Ходжабекованың ұйымдастыруымен, "Тамақ онкологиясы" атты дәріс өткізілді.
Дәрістің негізгі мақсаты: 1) Жол картасы онкологиялық және гемотологиялық аурулармен сырқаттанған балаларға көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыруға негізделген бірқатар іс-шаралармен таныстыру;
2) Жол картасы аясында заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, диагностикалау мен емдеу сапасын арттыру мақсатында медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, гемопоэтикалық бағаналық жасушаны транспланттауды дамыту, кадрлық әлеует деңгейін арттыру жоспарланғанын баяндау;
3) Онкологиялық ауруларды ерте анықтау, қатерлі ісік ауруларын емдеу мен оңалтудың заманауи технологиялары бойынша сауаттылығын арттыру шараларын тұрғындарға хабарлау.
Қатысқан адамдар саны: 7.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
18.04.2018 жыл.