Ағымдағы жылдың, сәуір айының оныншы жұлдызы күні, Қызылтөбе-2 дәрігерлік амбулаториясында "Диабеттік кома" атты дәріс өткізілді. Дәрісті, жалпы тәжірибелі дәрігер: О.Е.Есенгалиев өткізді. Дәріс ауыл тұрғындары арасында кеңінен өткізілді. О.Е.Есенгалиев, тұрғындарға ауызша түсінік жұмыстарын жүргізіп, арнайы бетшелер таратты.
Дәрістің негізгі мақсаты: 1) Ауыл тұрғындарына "Диабеттік кома" жөнінде біраз мәліметтер беру;
2) Тұрғындарды болжанбайтын жағдайлардан қорғану мақсатында, қандағы қант деңгейінің күшті артуын немесе төмендеуін сезіне бастағаннан, «жедел жәрдемді» шақыруды ескерту;
3) Диабеттің барысын күнделікті қатаң бақылауда ұстану қажеттіліктерін түсіндіру.
Қатысқан тұрғындар саны: 6.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
10.04.2018 жыл.