Ағымдағы жылдың, наурыз айының, он төртінші жұлдызы күні, Бекниязова Гүлзира Иманбайқызының ұйымдастыруымен, тұрғындар арасында "Жүрек, қан, тамыр, қысым ауруларының алдын алу" атты дәріс оқылды.
Дәріс өте кең түрде жүргізіліп, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы тұрғындарға уақытылы дәрігерге қаралу қажеттігін ескертіп, қосымша түсінік жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, тұрғындардың қан қысымын өлшеп, пайдалы кеңестермен бөлісті.
Дәрістің негізгі мақсаты: Жүрек қан–тамырлар жүйесінің ауруларымен таныстыру. Аурудың алдын алу туралы түсінік қалыптастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға дағдыландыру.
Қатысқан тұрғындар саны: 10.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
14.03.2018 жыл.