Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Батыр дәрігерлік амбулаториясының, дені сау бала кабинетінде балалы, жас аналар арасында, "Жарақаттың алдын алу" атты тақырыбында дәріс өткізілді

             Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтау  саласын  дамытудың  2016-2019 жылдарға  арналған  "Денсаулық"  Мемлекеттік  бағдарламасының  іс-шаралар  жоспарын  орындау  аясында, ағымдағы жылдың,  сәуір айының он сегізінші жұлдызы күні, Батыр дәрігерлік амбулаториясының, дені сау бала кабинетінде, балалы, жас аналар арасында, тұрмыстық жарақаттың алдын алу мақсатында, "Жарақаттың алдын алу" атты тақырыбында дәріс оқылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Дәрісті, дені сау бала кабинетінің медбикесі: Абдыгалиева Света оқып, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы, тұрмыстық жарақаттың алдын алу мақсатында, үйдегі қауіпсіздік туралы оқушыларға мазмұндама, шығарма жұмыстарын орындатып, қосымша түсінік жұмыстарын жүргізді.  

           Сондай-ақ, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы балалы, жас аналарға, үйдегі қауіпсіздік жөнінде кеңестер айтып, қосымша түсінік жұмыстарын жүргізді.

        Дәрістің жалпы мақсаты: Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімділер арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанушылық мәселесіне мемлекеттік органдардың, көпшіліктің назарын аудару.

        Жалпы балалы аналар саны: 10.

        Шығарма жазған балалар саны: 20.

        Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

        18.04.2018 жыл.