Ағымдағы жылдың, сәуір айының, он жетінші жұлдызы күні, БМСККО Атамекен аға дәрігері: Джулдызова Ляззат Аубекировнаның ұйымдастыруымен, тұрғындар арасында "Жүрек, қан, тамыр, қысым ауруларының алдын алу" атты дәріс өткізілді.
Сонымен қатар, жалпы тәжірибелі дәрігер: Ажибаева Тұрсын Абдуллақызы дәріс оқыды. Дәріс өте кең түрде жүргізіліп, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы тұрғындарға уақытылы дәрігерге қаралу қажеттігін ескертіп, қосымша түсінік жұмыстарын жүргізді.
Дәрістің негізгі мақсаты: Жүрек қан–тамырлар жүйесінің ауруларымен таныстыру. Аурудың алдын алу туралы түсінік қалыптастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға дағдыландыру.
Қатысқан тұрғындар саны: 15.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
17.04.2018 жыл.