Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

БМСККО Атамекен аға дәрігері: Джулдызова Ляззат Аубекировнаның ұйымдастыруымен, Жарақаттың алдын-алу" атты тақырыбы бойынша дәріс оқылып, түсінік жұмыстары жүргізілді

         Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтау  саласын  дамытудың  2016-2019 жылдарға  арналған  "Денсаулық"  Мемлекеттік  бағдарламасының  іс-шаралар  жоспарын  орындау  аясында, ағымдағы жылдың,  сәуір айының он жетінші жұлдызы күні, "Жарақаттың  алдын-алу"  атты тақырыбы  бойынша дәріс  оқылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Дәріс БМСККО Атамекен аға дәрігері: Джулдызова Ляззат Аубекировна және психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызының ұйымдастыруымен, №7-ші орта мектепте оқушылар арасында "Судағы қауіпсіздік", "Велосипед-менің жеке көлігім" атты тақырыптарында мазмұндама, шығарма жұмыстарын орындап берді. 

         Сондай-ақ, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы оқушыларға қосымша түсінік жұмыстарын жүргізіп, жарақаттың  алдын алу мақсатында, біраз пікірлер айтып, өз кеңестерімен бөлісті.

        Дәрістің жалпы мақсаты: Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімділер арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанушылық мәселесіне мемлекеттік органдардың, көпшіліктің назарын аудару.

         Жалпы қатысқан оқушылар саны: 22.


        Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

        17.04.2018 жыл.