Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

БМСККО Атамекен психологы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызының ұйымдастыруымен, ер адамдар арасында "Темекінің адам ағзасына зияны" атты тақырыбында дәріс оқылды

          Ағымдағы жылдың, сәуір айының, он жетінші жұлдызы күні, БМСККО Атамекен психологы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызының ұйымдастыруымен, ер адамдар арасында "Темекінің адам ағзасына зияны" атты тақырыбында дәріс оқылды. Ер адамдар арасында бірнеше сұрақтар қойылып, тиімді жауаптар берілді. 

        Сондай-ақ, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы, ер адамдардың күйзеліс кезінде темекі мен зиянды заттарға душар болуларының алдын алу туралы бірнеше пайдалы кеңестер айтып, арнайы бетшелер таратты.

        Дәрістің негізгі мақсаты:  Ер адамдардың зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру. Маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптарының адам өміріне өте қауіпті екендігін түсіндіру. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру. 

        Қатысқан ер адамдар саны: 9.


      Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

      17.04.2018 жыл.