Ағымдағы жылдың, сәуір айының оныншы жұлдызы күні, Атамекен елді-мекеніндегі, №7-ші орта мектепте, сағат 10:00 уақыт аралығында "Дұрыс тамақтану-болашақ ұлт кепілі" атты тақырыбы бойынша, асхана қызметкерлері мен оқушылар арасында шара өткізілді.
Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспары аясында, оқушыларға дұрыс тамақтану жөнінде кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында. Оқушылар өз денсаулықтарына жауапкершіліктерін арттыру.
Қолданылған құралдар: Ақпараттық-ағарту материалдары;
Қатысушылар: Мұғалімдер мен оқушылар, асхана қызметкерлері, мектеп медбикелері;
Өткізген мамандар: Аға дәрігер: Джулдызова Ляззат Аубекировна және психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы, ЖТД Оразбаева М.Н.
Өткізілген шаралар: Дәріс оқу, ақпараттық жұмыстар жүргізу, денсаулық бұрышы жасақталды, мектеп оқушылары арасында флешмоб ұйымдастырылды.
Қамтылған адамдар саны: 44.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы
10.04.2018 жыл.