Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

"7-ші сәуір «Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай, БМСККО Маңғыстау-5 емханасында «Ашық есік» күндері ұйымдастырылып өткізілді

         Ағымдағы жылдың, сәуір айының  алтыншы жұлдызы күні, «7-ші сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай, БМСККО Маңғыстау-5 емханасында «Ашық есік» күндері ұйымдастырылып өткізілді. Емхана психологы тұрғындардың қан қысымын және бой салмағын өлшеді. Аурулардың алдын алу туралы кеңестер берілді. 

        Шараның негізгі мақсаты: Медициналық-санитариялық қызметтермен толық қамтамасыз ету, нысаналы топтарға назар аудара отырып, кешенді ақпараттық – әдістемелік бағдарламаларды, оның ішінде түрлі халық таптарына, сонымен қатар ұйымдасқан ұжымдарға насихаттау, ағарту, білім беруді әзірлеу мен енгізу үшін адамдарға денсаулықты сақтау және аурулар мен мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алуға (дұрыс тамақтануға дағдыландыру, дене белсенділігі деңгейін арттыру шылымқорлық пен ішімдікті тұтынудан бас тарту және т.б қатысты ақпараттар мен шұғыл нұсқаулықтар беру болып табылады.

        Қатысқан адамдар саны: 40.


       Мұнайлы орталық аудандық емханасы

       06.04.2018 жыл.