Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Мұнайлы ауданы, Маңғыстау-5 мекеніндегі, жарақаттың алдын алу мақсатында, №8-ші орта мектебінде "Жол қозғалысын жадыңда сақта!" атты тақырыбы бойынша шара өткізілді

          Ағымдағы  жылдың, сәуір айының алтыншы жұлдызы  күні, 12:15  уақытында, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау-5 мекеніндегі, жарақаттың алдын алу мақсатында, №8-ші орта мектебінде, "Жол қозғалысын жадыңда сақта!" атты тақырыбы бойынша шара өткізілді. 

        Шараның мақсаты: Оқушыларға мектеп пен үй арасындағы "Үй-мектеп-үй"сызбасы салынып, көшедегі қауіпсіздік, өзін-өзі ұстау, дұрыс жүріп-тұру ережелері таныстырылып түсіндіру. Жол жүру ережелері туралы білімдерін пысықтау. Мектеп оқушыларына жарақат алған жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек көрсету тәсілдерін көрсету. 

       Қолданылған құралдар: ақпараттық-ағарту материалдары, бейнеролик;

       Өткізген мамандар: БМСККО Маңғыстау-5, ЖТД Куптлеуова Ж.П;

       Қатысқан оқушылар саны: 82.


       Мұнайлы орталық аудандық емханасы

       06.04.2018 жыл.