Ағымдағы жылдың, наурыз айының, он алтыншы жұлдызы күні, 14:00-14:30 уақыты аралығында, "Туберкулез - жұқпалы ауру" атты тақырыбы бойынша, Баянды ауылындағы , №3- ші орта мектебінің, барлық 2-ші сынып оқушыларына дәріс оқылды.
Дәрістің жалпы мақсаты: Туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары, туберкулездің алғашқы белгілері, туберкулездің жұқтыру қаупі мен ауыр салдары туралы халықты ақпараттандыру, өзіңді денсаулығыңа жауапты болуға тәрбиелеу, өзіңді өзің сақтайтын мінез-құлыққа дағдылану.
Көрнекті құралдар: ақпараттық-ағарту материалдары.
Өткізген мамандар: Мұнайлы аудандық "Туберкулез диспансер" бөлімінің меңгерушісі: Ш.Сапарбаева;
ОСӨСҚО ММ Мұнайлы аудандық филиалының меңгерушісі: Г.Жиенбаева;
МАҚДСБ эпид қадағалау бөлімінің бас маманы: А.Сатыбалдиева.
Қамтылған адамдар саны: 20.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
16.03.2018 жыл.