Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Жиырма бірінші наурыз, Ұлыстың ұлы күніне орай, Мұнайлы аудан әкімі: Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлының бұйрығымен және Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының директоры Шыршықбаев Айлар Елтайұлының ұйымдастырылуымен "Жастар" алаңында киіз үй тігілді

           Ағымдағы  жылдың,  наурыз  айының жиырма  бірінші  жұлдызы  күні,  "Жастар"  алаңында,  Мұнайлы  ауданының  әкімі:  Тәжібаев Нұрлан  Төлегенұлы бұйрығымен, Мұнайлы  орталық  аудандық  ауруханасының  директоры: Шыршықбаев  Айлар  Елтайұлы,  және  директордың  емдеу  ісі  жөніндегі  орынбасары:  Жумина Хадиша  Хасановна ұйымдастырылуымен  "Жастар" алаңында  киіз  үй  тігілді. 

           Сонымен  қатар,  наурыз  тойды  БМСККО  Атамекен  ұжымы,  келген  барлық  қонақтарды  жақсы  қарсы  алып,  наурыз  мейрамымен  шын жүректен  құттықтап,  ақ, мол дастархан  жайып,  зор  құрмет  көрсетті.

          Жалпы наурыз  тойдың  мақсаты:  Барша  ұжымға, ауыл  тұрғындарына  және  арнайы  қонақтарға  ізгі  ілтипат  көрсетіп,  қазақтың  қонақжайлы  халық  екендігін  дәлелдеу,  наурыз  мейрамын,  бірге  жұмыла  тойлау  және  мол ауызбіршілік  пен  сыйластыққа  шақыру. 

          Жалпы,  қатысқан  адамдар  саны: 130.


          Мұнайлы  орталық  аудандық  емханасы

          21.03.2018 жыл.