Ағымдағы жылдың, наурыз айының он төртінші жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасында, қазақ елінің, амал, наурыз мейрамына орай, киіз үй тігіліп, ұжым арасында арнайы наурыз той өткізілді.
Наурыз тойды, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары: Жумина Хадиша Хасанқызы, директордың статистика жөніндегі орынбасары: Жульмирзаева Разия Идрисқызы, Ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша директордың орынбасары: Досжанова Жанар Есенғалиқызы ашып берді. Ұжымды шын жүректен қазақтың амал, наурыз мейрамдарымен құттықтап, өз ниет - тілектерін білдірді. Ұжым арасында, ән айтылып, киіз үй сыртында, ансамбль арқылы би биленді.
Сонымен қатар, тойға Мұнайлы ауданының әкімі: Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы және Мұнайлы аудандық маслихатының депутаты: Назар Бердібек Изтілеуұлы қонаққа келді. Қонаққа келу барысында, ұжымға құттықтау тілектерін білдіріп, арнайы сөз сөйледі.
Сондай - ақ, киіз үй ішінен ұлттық тағамдар мен ұлттық сусындардан дәм татып, өз алғыстарын білдіріп кетті.
Наурыз тойдың жалпы мақсаты: Ұжым арасында, ауызбіршілік пен сыйластықты арттыра отырып, қазақтың амал, наурыз мейрамын ерекше атап өту.
Қатысқан ұжым саны: 150.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы
14.03.2018 жыл.