Ағымдағы жылдың, наурыз айының алтыншы жұлдызында, Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру, облыстық орталығы, медициналық мекемесі, Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Маңғыстау ауылындағы №1-ші орта мектептің 9, 10, 11-ші сыныптарына «Өзіңді туберкулезден қорға» атты тақырыбында кең көлемді шара өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты: Халықты профилактикалық шаралар, туберкулездің алғашқы белгілері, уақытында медициналық көмекке жүгінудің маңызы және емделудің тиімділігі туралы ақпарат алуын арттыру.
Қатысқан адамдар саны-55.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы
06.03.2018 жыл