Аудандық деңгейде 2015 жылдың 1-31 мамыр аралығында «Темекі өнімдерін заңсыз сатуды тоқтату» Әұранымен «Дүниежүзілік темекімен күрес күніне ұштастырылған шылымқорлықты шектеу және алдын алу»
Акциясы өткізілді
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде іс-шаралар жоспары аясында, «Дүниежүзілік темекімен күрес күніне ұштастырылған шылымқорлықты шектеу және алдын алу бойынша, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жағдай жасауға көмектесу мақсатында, Мұнайлы аудандық аурухана директоры Шыршықбаев А.Е., директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Шоланова Ж.А. ,Мұнайлы аудандық филиалы және Жастар денсаулық бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді және ДА, БМСКК орталықтарының меңгерушілері, аурухана, емхана дәрігерлері, балалар дәрігерлері, Жедел жәрдем меңгерушісі және т.б. қатысуымен 04.05.2015ж. жұмыс тобы құрылып мәжілісі өткізілді.
Мұнайлы ауданының емдеу сауықтыру мекемелерінде 2015 жылдың аурулардың алдын алу және Салауатты өмір салтын қалыптастыру барысындағы іс –шараларды өткізу мақсатында төмендегідей жұмыстар жасалынды.
Мұнайлы ауданындағы нарколог дәрігері Бужанов А.М, Мұнайлы ауданындағы жасөспірімдер дәрігері Сухамбердиева Г.Е, БМСККО, ДА Атамекен, Атамекен -1, Маңғыстау -5, Қызылтөбе, Қызылтөбе -1, Қызылтөбе -2, Баянды, Дәулет, Басқұдық елді мекендерінде, емдеу –сауықтыру мекемелерінде акция аясында «Ашық есік», семинар –тренингтер, дәрістер, үгіт насихат жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді.
Мұнайлы ауданындағы №11 орта мектебінде 05.05.15 күні Мұнайлы ауданындағы нарколог дәрігері Бужанов А.М, Мұнайлы ауданындағы жасөспірімдер дәрігері Сухамбердиева Г.Е., және мектеп медбикесі «Темекі шегуден бас тартуды қолдау» тақырыбында дәрістер оқылды. Акция аясында мектеп оқушылары мен ұстаздарға бетшелер таратып, ақыл – кеңестерін беріп, үгіт –насихаттау жұмыстары жүргізілді. Санбюлетен шығарылып, денсаулық бұрышы ілінді.
2015 жылдың 12 – 13 мамыр аралығында Мұнайлы ауданының БМСККО Қызылтөбе ауылындағы Лицей мектебінде, №2орта мектепте, ДА Қызылтөбе емханасында, меңгерушілері қатысуымен және СӨСҚО Мұнайлы аудандық филиалы, Жастар денсаулық бөлімі ұйымдастыруымен «Темекі өнімдерін заңсыз сатуды тоқтату! » ұранымен дәрістер, семинар – тренинг өткізілді.
Мұнайлы ауданындағы Басқұдық елді мекеніндегі № 9 орта мектебінде 15.05.15 күні аға дәрігер Бәйімбетова З.Н., және мектеп медбикесі емхана психологі Борамбаева М.Н «Насыбай және оның салдарын әр адам білуі тиіс ! » тақырыбында дәрістер оқылды. Психолог маман Насыбайдың және темекінің адам денсаулығына зияны туралы ақпарат берді, және де тренинг жүргізілді.
Мұнайлы ауданындағы Атамекен елді мекеніндегі №7 орта мектебінде 18.05.15 күні аға дәрігер Жұлдызова Л.А, және мектеп медбикесі нарколог медбикесі «Насыбай және оның салдарын әр адам білуі тиіс!, Темекі шегуден бас тартуды қолдаймын » тақырыбында дәрістер оқып, ақыл – кеңестерін берді. Акция аясында мектеп оқушыларына бетшелер таратып, үгіт –насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау – 5 елді мекеніндегі №8 орта мектебінде 19.05.15 күні аға медбикесі Қойбағарова Н, және мектеп медбикесі, жасөспірімдер дәрігері Сухамбердиева Г.Е, Психо-әлеуметтік көмек көрсету дәрігері Аманжолова Г.К, «Темекінің адам денсаулығына зияны» тақырыбында дәрістер оқып, ақыл – кеңестерін берді. Акция аясында мектеп оқушыларына бетшелер таратылды.
Мұнайлы ауданындағы ДА Баянды елді мекеніндегі №3 орта мектебінде 20.05.15 күні аға дәрігері Мамбетова А.Д., және мектеп медбикесі, Психо-әлеуметтік көмек көрсету дәрігері Аманжолова Г.К, «Темекінің қасіреті » тақырыбында семинар жүргізілді.
Мұнайлы ауданында Маңғыстау селосында 22.05.2015ж. күні «Маңғыстау» сауда орталығында «Темекі өнімдерін заңсыз сатуды тоқтату! ұранымен «Дүниежүзілік темекімен күрес күніне ұштастырылған шылымқорлықты шектеу және алдын алу» күнінеорай «Ашық есік» ұйымдастырылып өткізілді. Акцияда СӨСҚО мамандары және ЖДБ мамандары мен нарколог дәрігері Бужанов А.М., ІІБ нен қызметкерлерде қатысып темекі шегетін жасөспірімдер темекіден басқа да заттар пайдаланатынын айтып өтті. Темекіге қарсы кабинетте емхана психологі Борамбаева М, емханаға келген науқастарға айлық аясында темекі адам ағзасына зиян екенін және көбінесе обыр ауруына әкеліп соғатындығын айта келе, Темекі шегетін адамның жүрегі минутына 120 рет соғады. Темекі шекпейтін адамның жүрегі минутына 60 рет соғады екенін айтып өтті. Сондай – ақ ашық есікке қатысқан адамдарға психологиялық тест жүргізіп, анкета алынды.