Ағымдағы жылдың, наурыз айының бесінші жұлдызында, Маңғыстау ауылындағы, Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы орта білім беру мектебінде, СӨСҚОММ маманы Г.Жиенбаева және туб.диспансер бөлімінің меңгерушісі: Ш.Сапарбаеваның ұйымдастыруымен, 10 "А" сынып оқушыларына "Туберкулезден сақтанайық" атты шара өткізілді.
Шараның мақсаты: Балалардың сана - сезiмдерiн ояту, өз денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту.
Қатысқан оқушылар мен мұғалімдер саны: 21.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы
05.03.2018 жыл