Ағымдағы жылдың, ақпан айының 27-ші жұлдызы күні Дәулет елді-мекенінде "Ақбота" балабақшасында "Тұмаудың алғашқы белгілері, жұғу жолдары мен алдын алуы" және "Желшешек ауруының алдын алу" бойынша балабақша қызметкерлеріне дәріс өткізілді.
БМСККО Дәулет аға дәрігері: Р. Өтеғұлова тұмау және желшешек жөнінде толықтай ақпарат беріп, қойылған сұрақтарына толықтай жауап берді. СӨСҚООММ мамандары бейнеролик көрсетіп, ақпараттық материалдар таратты.
Дәріс мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүруге, зиянды әдеттерден аулақ жүруге тәрбиелеу. Оқушыларға тұмау және тұмаудан сақтану туралы мағлұматтар беру.
Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық екенін ұғындыру, сонымен қатар тазалық, жеке бас гигиенасы, дұрыс тамақтану туралы пайдалы кеңестер беру.
Қатысқан адамдар саны: 21.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы
27.02.2018 жыл.