Ағымдағы жылдың, ақпан айының 13-ші жұлдызы күні, Басқұдық ауылында, № 9-шы орта мектепте, "Басқұдық" педиатр дәрігері: Н.Джолдасбаева мен "Басқұдық" психологы: М.Т.Байысбайдың ұйымдастыруымен, "А вирусты гепатиті" ауруының алдын алу іс - шаралары атты дәріс өткізілді.
Шара түрі: дәріс оқу, дәрігерлік кеңестер, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тақырыпқа сай бетшелер тарату.
Шараның мақсаты: Мектептерде, халық арасында, оқушыларға ""А вирусты гепатиті" ауруының алдын-алудағы түсіндіру лекциясын жүргізу. "А" вирустық гепатитінің өршуін болдырмау және білім беру объектілеріне инфекция енгізбеуде жұмыстану. "А" вирустық гепатитіне қарсы иммундаудың жүргізілуін қатаң бақылау.
Қолданылған құралдар: Ақпараттық ағарту материалдары.
Қамтылған адамдар саны: 80.
"Мұнайлы орталық аудандық емханасы"
14.02.2018 жыл