Ағымдағы жылдың, ақпан айының 15-ші жұлдызы күні, БМСККО Атамекен аға дәрігері: Л.А.Джулдызованың, ұйымдастыруымен, пациенттер мен тұрғындар арасында және №7- ші орта мектеп оқушылары, асхана қызметкерлері арасында "Жедел ішек, жұқпалы ауруларының алдын-алу" атты тақырыбында кеңінен түсінік, үгіт-насихаттау жұмыстары өткізілді. Түсінік жұмыстарын, психолог маманы: Г.А. Жамалова түсініктер айтып, дәріс оқып, қатысушыларға арнайы бетшелер таратты. Оқушылар мен тұрғындар арасында сұрақ жауаптар болды. Тақырып кең әрі түсінікті жүргізілді.
Жалпы мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған жедел ішек, жұқпалы ауруларының алдын-алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру.
Қатысқан адамдар саны: 30.
"Мұнайлы орталық аудандық емханасы"
15.02.2018 жыл