Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, "Халыққа қызмет көрсету орталығында" пайдалы кеңес алаңы өткізілді

           Ағымдағы  жылдың  26 қаңтар күні,  Маңғыстау  облыстық  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  орталығы  медициналық  мекемесі  Мұнайлы  аудандық филиалының  ұйымдастыруымен,  Маңғыстау  ауылындағы  Халыққа  қызмет  көрсету  орталығында  пайдалы  кеңес  алаңы  өткізілді. 

         Шараның  негізгі  мақсаты – тұрғындарға  адам  денсаулығының  қымбаттылығын, бағалы  байлық  екенін  түсіндіру.  Аурулардың  алдын-алу  және  салауатты  өмір салтын  қалыптастыру. 

         Мұнайлы  орталық  аудандық  аурухананың  психолог  маманы М. Борамбаева  тұрғындардың  артериялдық  қан  қысымын  өлшеп,  психологиялық  медициналық кеңес  беріп  отырды. Маңғыстау  облыстық  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  орталығының  медициналық  мекемесі, Мұнайлы  аудандық  филиалы  мамандары ақпараттық-ағарту  материалдары  таратып,  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізді. 120 ге жуық  тұрғындар  қатысып,  соның ішінде  20 адамның  қан қысымында  ауытқушылықтар  байқалып, дәрігерге  қаралуларына   кеңес  берілді.