Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

«Темекінің зияны»

Ағымдағы жылдың 20 қараша күні Салауатты өмір саалтын қалыптастыру облыстық орталығы медициналық мекемесінің Мұнайлы аудандық филиалы мамандарының ұйымдастыруымен, Маңғыстау селосындағы №1 орта мектепте «Халықаралық темекіден бас тарту күніне» орай семинар-тренинг өткізілді.

Шараның басты мақсаты – жастар арасында қауіп қатер факторларын (темекі, насыбай  шегу, нашақорлық, ішімдікке салыну тағы басқа) зиянды әдеттерден арылу.

Семинарда Мұнайлы аудандық орталық емхананың психолог маманы М. Боранбаева «Темекінің зияны» жөнінде оқушыларға толықтай ақпарат берсе, ал СӨСҚО мамандары симуляциялық құралдарды пайдалана отырып, жастарға темекі, арақ, нашақорлық қауіп қатер факторларының зиянды әдеттері туралы ақпаратты жеткізді. Тақырыпқа сай ақпараттық ағарту материалдары таратылды.