Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

"ЖРВИ тұмау және пневмакок ауруларының алдын алу"

Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы №1 жалпы білім беру мектебінде СӨСҚО ММ Мұнайлы аудандық филиалы мамандарының ұйымдастыруымен, «ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясының алдын алу бойынша» тақырыбында кең шара өткізілді. Эпидемиолог дәрігері А. Серикбаева оқушыларға тұмаудың таралу жолдарын, алдын алуы, сақтық шаралары және екпенің маңыздылығы жөнінде айтып өтсе, психолог маманы М. Боранбаева қызықты тренингтер жүргізді. Сонымен қатар оқушыларға тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.