Ағымдағы жылдың 6 қазан күні Мұнайлы орталық аудандық емханасында,
«Обырға қарсы және егде жастағыларға арналған» тақырыбында «Ашық есік»
күні өткізілді. Мамолог, онколог, гинеколог, уролог, терапевт
дәрігерлері 65 жастан асқан ауыл тұрғындарын медициналық тексерулерден
өткізді. Сонымен қатар дәрігерге дейін кабинетте бойын, салмағын, бел
ауқымын, артериялық қан қысымын өлшеп, дене белсенділігі денсаулықты
сақтауға ықпал ететінін атап айтты. СӨСҚПО ММ Мұнайлы аудандық
филиалының мамандары ақпараттық-білім беру материалдарын таратты.
Қатысқан адам саны-58