Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Денсаулық фестивалі

Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығының Мұнайлы аудандық филиалы мен Мұнайлы ауданындағы «Күншуақ» шағын орталығы мамандарының ұйымдастырумен, ағымдағы жылдың 8-інші қыркүйегінде Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында «Күншуақ» шағын орталығында «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда» ұранымен «Денсаулық фестивалі - 2017» атты кең спорттық шарасы өткізілді. Шараны Мұнайлы орталық аудандық аурухана директорының орынбасары Х.Жумина ашып берді. Шара кішкентай бүлдіршіндер мен тәрбиешілер арасында флешмоб билеп, әрі қарай спорттық жарыспен жалғасын тапты. Жарыс «Қыран», «Достық», «Күншуақ» 3 құрама топтан құралды. Жарыс өте қызықты, белсенді, тартымды түрде өтті. Ереженің сақталуын қазылар алқасы қадағалап отырды. Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды «Қыран» командасы , екінші орынды «Күншуақ» командасы қол жеткізсе, үшінші орын «Достық» командасы иеленді. Шара соңында СӨСҚОО мамандары «Күншуақ» шағын орталығының әдіскері Тұрбекова Анар Бақытқызы және дене шынықтыру маманын арнайы Алғыс хаттармен марапаттап және спорттық шараға қатысқан бүлдіршіндерге кубок, диплом және сыйлықтар табыстады. Қатысқан адам саны – 130.