Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні ретінде атап өтіледі. Осы шараға байланысты ШЖҚ "Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы" МКК түрлі мерекелік бағдарлама да дайындалды. Мүгедек жандарға мерекеде ғана емес, барлық уақытта көңіл бөлуіміз парыз. Мүгедектер мерекесіне орай 2014 жылдың 12 қазан күні "Атамекен" БМСККО, айналасындағылардың ықыласына бөленгенді жаны сүйетін, сәлемдесіп, көңіл аударғанның өзін үлкен мәртебе санайтын жарымжан жандар үшін мерекелік шара ұйымдастырды. Медициналық мекеме тарапынан, осы мекемеде жұмыс жасаған 3 мүгедек жандарға қаржылай көмек көрсетілді.
О. Сансызбаеваға тағдырдың тәлкегінен І-топтың мүгедектігі белгіленген. Бірге жұмыс жасаған ұжымдастары мереке күні ұмытпай, үйіне арнайы барып денсаулығын қарап, қаржылай көмегін ұсынды.
[img src="http://munailycrb.mangystau.gov.kz/media/uploads/686-20141014_132452.jpg" >