Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

"Қазақстандағы әлеуметтік тұл-жетімділіктің алдын-алу профилактикасы" атты ашық семинар

             25.08.2017ж.күні  Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында  орналасқан "Жастар" орталығында "Қазақстандағы әлеуметтік тұл-жетімділіктің алдын-алу профилактикасы" атты ашық семинар өткізілді. Семинарды өткізгендер: Маңғыстау облыстық  "Аналар" үйі мен  "Балалар" үйі Кординаторлары:  Сапашева Алтын Жоламанқызы және Абишева Эльмира Махамбетқызы.

             Семинар мақсаты: "Қызметкерлер арасында жалғыз басты аналарға арнайы көмек берілу және тастанды балаларды асырап алу жөнінде үгіттеу жұмыстарын жүргізу". Семинарға   әр БМСКО амбулаториясынан ВОП дәрігерлер, акушер-гинеколог дәрігерлер, акушер медбикелер және орталық ауруханадан кіші медициналық  қызметкерлер  қатысты.