«Гепатиттердің вирустарына қарсы иммундау»
СӨСҚО Мұнайлы аудандық филиалы мамандарының ұйымдастыруымен, 2017
жылдың 20 шілде күні Мұнайлы орталық аудандық емхананың «Жанұяны
жоспарлау» кабинетінде «Гепатиттердің вирустарына қарсы иммундау, жеке
гигиенаны сақтау, анадан балаға В вирустық гепатитінің жұғуы,
гепатиттердің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға
қатысушыларға эпидемиолог дәрігері А.О. Серикбаева, гинеколог дәрігері
А.А. Андакулова вирустық гепатит, «А» және «Е» гепатиттерінің берілу
жолдары, белгілері, профилактикасы жөнінде айтып түсіндірді. Аналардың
қойған сұрақтарына жауап берді. «Жеке бастың тазалығын сақтау»,
«Вирустық гепатиттердің алдын алу» жөнінде бетшелер, бүктемелер
таратылды. Қамтылған адам саны- 45.