Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

«Ертеңгі күнің өзіңе ғана байланысты! Салауатты өмір сүр!»

Ағымдағы жылдың 21-маусымында Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы және СӨСҚОО Мұнайлы аудандық филиалы және Мұнайлы аудандық жастар орталығы мамандарының ұйымдастыруымен, Маңғыстау вокзалында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» және «Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес» күніне орай «Нашақорлық аздырар адам баласын» тақырыбында «Ашық есік» ұйымдастырып өткізді. СӨСҚОО мамандары тұрғындардың қан қысымын, бой салмағын өлшеп тұрғындарға толықтай ақпарат беріп отырды. Жастар орталығының волонтер қыздары «Ертеңгі күнің өзіңе ғана байланысты! Салауатты өмір сүр!», «Есірткіге-жоқ деп айт!» бойынша бүктемелер және «Тұрғындар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы нені білуге тиіс?» атты кітапшалар таратты. Қамтылған адам саны –215.