«Жеке бастың тазалығын сақтау»
Ағымдағы жылдың 6 маусым күні Мұнайлы орталық аудандық емханасы және СӨСҚО қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ресурстық орталығында»
дәріс өтті. Дәріс барысында СӨСҚО мамандары және ресурстық орталығының
медбикесі қатысқан ата-аналарға жедел ішек аурулары туралы мағлұмат
беріп, плакаттар іліп, «Жеке бастың тазалығын сақтау», «Жедел ішек
инфекциясының алдын алу» бойынша бетшелер, бүктемелер таратылды. Дәріске
20-ға жуық аналар қатысты.