Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

«Жұқпалы ішек ауруларының алдын алу»

2017 жылдың 5 маусым күні Мұнайлы орталық аудандық балалар бөлімшесінде КЗР кабинетінде «Жұқпалы ішек ауруларының алдын алу» тақырыбында СӨСҚО мамандарының қатысуымен семинар өткізілді. Семинарды КЗР медбикесі Б.Хайтжанова жүргізіп, егер жедел ішек инфекциясының белгілері (іштің ауруы, құсу, іш өту, дене қызуының котерілуі, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі) байқалса, өздігіңізден емделмей, жедел медициналық көмекке жүгініңіз деп айтып түсіндірді. Аналардың қойған сұрақтарына жауап беріп, регидрон дайындау тәсілінде айта кетті. «Жеке бастың тазалығын сақтау», «Жедел ішек инфекциясының алдын алу» жөнінде бетшелер, бүктемелер таратылды. Қамтылған адам саны- 24.