Мұнайлы ауданы №5 орта мектептің акт залында «Жұқпалы ішек ауруларының және тағамнан уланудың алдын алу» бойынша семинар өтті. Семинарға балабақша әдіскерлері, медбикелері, асхана аспаздары, жазғы лагерь қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер қатысты. Семинарды Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитарлық гигиеналық бөлімінің бас маманы Г.У.Даулетбаева «Қоғамдық тамақтану орындарында, балалардың жазғы сауықтыру орындарында, мектепке дейінгі білім беру орындарында жұқпалы ішек ауруларын болдырмау, алдын алу шаралры, қолданыстағы санитарлық қағидалары» тақырыбы бойынша, ал Аудандық орталық аурухана эпидемиолог дәрігері Ж.Ж.Басбаева «Жұқпалы ішек ауруларының белгілері, емдеу, диагностикасы» туралы айтып өтті. СӨСҚО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары ақпараттық танымдық материалдармен қамтамасыз етіп, слайдтар, бейнероликтер корсетті. Семинарға 60-ге жуық қызметкерлер қатысты.