Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

9 мамыр - Жеңіс күні!

Құрметті ардегерлер! Сіздерді Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Бұл ешкім ұмытпайтын мейрам. Сіздердің қаһармандықтарыңыздың арқасында бүгінде сіздердің балаларыңыз бен немерелеріңіз еңбек етіп, Сіздердің қол жеткізген жетістіктеріңізді одан әрі көбейтуде. 

Осы бір ерекше атаулы күні біз Отанымыздың қорғаушылары – ардагерлерді құттықтап, оларға жасаған ерліктері үшін алғыс айтамыз! Жеңіс күні – көз жасымен келген мереке деп аталып кеткен ұлы, жалпы халықтық мереке. Жыл өткен сайын арамыздағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің саны азайып келеді, бірақ сонау қаһарлы да алапат жылдары олардың жасаған ерліктері туралы естеліктер ешқашан өшпейді! 

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ардагерлерге, тыл еңбеккерлері мен барлық Маңғыстау облысының тұрғындарына денсаулық, бейбіт өмір мен амандық тілейміз! Жеңіс күнімен!


Құрметпен, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының ұжымы!