26.04.2017 жылы Мұнайлы ауданы орталық ауруханасының ұйымдастыруымен БМСККО «Басқұдық» және №9 мектепте, Еуропалық иммундау апталығы «Вакциналар әрекет етуде» тақырыбымен, ата-аналар мен оқушыларға арналған кезекті семинар өткізілді. Семинарды МОАЕ эпидемиологы А.Серикбаева, БМСККО «Басқұдық» психологы Ж.Қанатова және ТҚҚБ эпидемиология бөлімінің жетекші маманы А.Сатыбалдиева түсініктеме жұмыстарын жүргізді және қойылған сұрақтарға жауап берді. СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары семинар қатысушыларына видеоролик көрсетті және буклет таратып берді. Қатысқан адамдар саны: 69.