26.04.2017 жылы Мұнайлы ауданы орталық ауруханасының ұйымдастыруымен «Маңғыстау-5» дәрігерлік амбулаториясында және Маңғыстау-5 елді мекенінде орналасқан №8 мектепте, Еуропалық иммундау апталығы «Вакциналар әрекет етуде» тақырыбымен, ата-аналар мен оқушыларға арналған семинар өткізілді. Семинарды МОАЕ эпидемиологы Ж.Басбаева, ДА «Маңғыстау-5» аға дәрігері Р.Зинетова, Маңғыстау-5 жалпы тәжірибелік дәрігері Ж.Куптлеуова және ТҚҚБ эпидемиология бөлімінің жетекші маманы А.Сатыбалдиева түсініктеме жұмыстарын жүргізді және қойылған сұрақтарға жауап берді. СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары семинар қатысушыларына видеоролик көрсетті және буклет таратып берді. Қатысқан адамдар саны: 121.