21.04.2017 жылы Мұнайлы ауданында орналасқан №5 орта мектепте түсіндіру жұмыстары өтті. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу». Жиналысқа «Республикалық Медициналық палата» қоғамдық бірлестігінің басқарма басшысы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың Маңғыстау облысы бойынша жетекшісі М.Құлжанов, «ЖИТС» орталығы директорының міндетін атқарушы А.Бисен, аудан әкімі Н.Тәжібаев, Мұнайлы ауданының медицина қызметкелері және мемлекеттік мекеме басшылары қатысты. Отырыс барысында Н.Тәжібаев Мұнайлы ауданының тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатқандығы туралы, М.Құлжанов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, түрлері, тұрғындар қалай тіркелу керектігі жайында түсіндірді және қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Қатысқан адамдар саны: 185.