2017 жылы 1 наурызда «Алғыс күні» мерекесіне орай Дәулет, Қызыл төбе-2 және Баянды селосының ардагер медицина қызметкелерін, мүмкіншілігі шектеулі балаларды және көп балалы аналарды БМСККО "Дәулет", ДА "Қызыл төбе-2" және ДА "Баянды" ұжымы мерекелерімен құттықтап, арнайы сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар, №5 мектеп ұжымы мен оқушылары Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының жасөспірімдер дәрігері Г.Сухамбердиеваны мерекесімен құттықтап, алғыстарын білдірді.