Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

«Суицидтің алдын алу шаралары»

23.01.2017ж. №7 орта мектепте БМСККО «Атамекен» аға дәрігері Джулдызова Л. А ұйымдастыруымен семинар өткізілді. ЖТ дәрігері Нұрсұлтанова С. Б «Суицидтің алдын алу шаралары» тақырыбында дәріс оқыды. Психолог Жамалова Г. А «Темекінің адам ағзасына зияны» «Зорлық –зомбылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Нашақорлықтың алдын алу тақырыбымен денсаулық бұрышы жасақталды. Темекінің зияны туралы бетшелер таратылды. Дәрістен кейін мұғалімдер оқушылармен пікір алмасты. Суицид , темекі туралы оқушылар өз түсініктерін айтты. Бұдан суицидтің себептері анықталды, көбінесе ұялы телефон маркаларына, оқушылар арасында бір-бірін кемсітуге байланысты екені анықталды. Пікір таласқа мұғалімдер де қатысты. Балалар өз сұрақтарына толықтай кең түрде жауап алды. Қатысқан адам саны- 320.