Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі"

22.12.2016 жылы сағат 15:00-де Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында орналасқан жастар орталығында, кезекті штаб отырысы өтті. Штаб отырысының тақырыбы: «Қазақстан Республикасы бойынша Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы» . Мақсаты: Мұнайлы ауданының тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Отырысқа аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы І.Е.Құли, аудандық кітапхана, Мұнайлы АХАТ және медицина қызметкерлері қатысты.  Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының директоры Е.А.Ширшикбаев ҚР міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруды енгізу бойынша кешенді шаралары туралы түсіндіріп өтті.