2016 жылы 16 қарашада Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы мен СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдасуымен, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында ашық есік күні өтті. Тақырыбы: «Дүниежүзілік қант диабеті ауруымен күрес күні» және «Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні». Қатысқан адамдар саны: 115.
Ашық есікте Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының дәрігері А.Қойлыбаева тақырыпқа сай мәліметтер және сұрақтарға жауап берді. Медбике А.Оразалиева ашық есікке қатысушылардың қысымын, салмағын, бойын өлшеді және қандағы қант деңгейін тексерді.