«Онкология мектебі»
15.08.2016 күні Мұнайлы аудандық орталық емханада, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалар облыстық орталығының Мұнайлы аудандық филиалы мамандарының ұйымдастыруымен, онкология кабинетінде онколог дәрігері Ж. Давлетмуратова «Жатыр мойны ісігінің алдын алу» тақырыбында науқастарға семинар - тренинг өткізіп, қойылған сұрақтарға жауап беріп, ақыл кеңесін беріп отырды. Семинар барысында СӨСҚО медбикесі Ж. Джұбатханова науқастарға бетшелер таратып, бейне ролик көрсетті. Қатысқан адам саны – 8.