Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

«Медицина қызметкерлері арасындағы аудандық спартакиада»

  • «Медицина  қызметкерлері арасындағы аудандық спартакиада» 

  Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан халқына жолдауын және денсаулық сақтау саласын  дамытудың  2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде іс – шаралар жоспары  аясында 2014 жылдың 13 мамыр мен 12 маусым аралығында  «Медицина  қызметкерлері арасында  аудандық және облыстық  спартакиада»  акциясы аясында  Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы, Жедел жәрдем ұжымы, Қызылтөбе, Дәулет, Маңғыстау -5, Атамекен, Басқұдық БМСККО орталықтарының  қызметкерлерінің қатысуымен  жарыс өткізілді. 

 Спортты іс-шараны салтанатты түрде  директордың емхана жұмысы жөніндегі орынбасары  Ж.А.Сариева ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Мұнайлы ауданында медицина саласының   әйелдері  арасында волейбол  Батыр ауылындағы №10 орта мектепте  ұйымдастырылып  өткізілді. Олардың қатарында «Мұнайлы аудандық орталық  ауруханасы»,  «Маңғыстау -5»,  «Қызыл –төбе», «Қызыл –төбе-1»,  «Қызыл –төбе-2»,  «Дәулет» емханаларының медицина қызметкерлері қатысты.

  •    Қазылар  алқасының мүшелері:  Директордың емхана жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Сариева,  Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының  кәсіподақ төрайымы –Ш.Сапарбаева,  "Дәулет"БМСККО аға медбикесі Л.Елубайқызы, "Маңғыстау-5"   БМСККО аға медбикесі Н.Қойбағарова ойын ережесінің сақталуын  қадағалап отырды.
  • Ойын қызықты әрі тартысты өтті.

  • Жарыс нәтижелері бойынша бірінші орынды  «Мұнайлы аудандық орталық емханасы» иеленді. «Маңғыстау-5» емханасы екінші орынға қол жеткізсе, «Дәулет» емханасы үшінші орынға ие болды. Спартакиада жеңімпаздарына кубоктар мен естелік сыйлықтар тапсырылды. 
  • Іс-шараны ұйымдастырушылар СӨСҚО филиалының қызметкерлері.
  •             Сонымен қатар медицина қызметкерлері арасында облыстық спартакиада  7-маусым күні сағат 09.00-де 12 шағын ауданда орналасқан «Жас қанат» спорт кешенінде (ерлер, әйелдер арасында-волейбол, ерлер арасында-шағын футбол) өткізілді. Әйелдер арасында-волейболдан  3 орынды, ал ерлер арасындағы шағын футболдан 2 орынды иеленді.