Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Медицина қызметкерлерінің күніне арналған мереке.

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі. Денсаулық сақшыларының төл мерекесі біздің аудан да өз деңгейінде тойланды.

№11 мектепте өткен салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Берік Біләлов алғашқылардың бірі болып сөз алды. «Ақ халатты абзал жандардың» еңбегі құрметке лайық екенін атап, медицина қызметкерлеріне толағай табыс пен жұмыстарына жеміс тіледі. Мерекеде Маңғыстау облысының денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Айдар Шыршықбаев, Жамал Шоланова, Амантай Досжанов, Жанар Сариева, Роза Өтеғұлова, Айгул Сауирова, Жүсіп Қойбағар, Маулен Шудабаев сынды денсаулық сақшылары облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының алғыс хатымен марапатталды. Ал аудан әкімдігінің алғыс хатына Марат  Қаратөреев,Айнаш Қадырчаева, Рита Қыдырова, Ақнұр Новрузчаева, Маржан Каипова, Абдужалил Бибиталиев, Нұрсұлу Кенжебаева, Зияда Баймбетова, Айгүл Бападжанова, Сандуғаш Ахметова ие болды.

«Барлық әріптестерімді кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Біздің басты мақсатымыз – «Денсаулық 2016-2019» мемлекеттік бағдарламасындағы межеленген көрсеткіштерді сапалы орындау және 2017 жылы басталатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшу», - деген аудандық орталық аурухана директоры А.Елтайұлы аудан медицинасындағы жетістіктерді атап өтті. Сонымен қатар 17 медицина қызметкеріне аудан халқының денсаулығын жақсартуға қосқан үлесі үшін алғыс жариялады.

Шараның екінші бөлімінде өнерлі мейірбикелер Г.Мекенова, «Ерке сылқым» күйін, А. Нұрдаулетова «Өзбек» биін, С. Кисикова «Кәріс» биін, Б. Сырымбетова «Теріскей» әнін орындап жиналғандарды таң қалдырды.

Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.