Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, істеріңізге деген адалдықтарыңыз, шебер қолдарыңыз бен жан жомарттықтарыңыз үшін шын көңілден шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар.
Сіздер үшін ең үлкен марапат өздеріңіз дені сау өмір сыйлаған емделушілеріңіздің құрметі мен алғысы болсын.
Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен шабыт, барлық жоспарларыңыздың жүзеге асуы мен жаңа кәсіби табыстар тілейміз!