«Темекі шегушіліктің алдын алу», «Суицид», «Ақсұңқар».
Өткізілген орны Мұнайлы орталық аудандық емхана
Қатысқан адамдар.
1. Мұнайлы орталық аудандық емхананың жасөспірімдер дәрігері Суханбердиева Г.Е.
2. Мұнайлы аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Ракишова Г.У.
3. СӨСҚПОО психолог маманы Сарсенова Д.Ә.
4. СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары.
5. Мектеп мұғалімдері және психологтары қатысты.
1. Мұнайлы орталық аудандық емхананың жасөспірімдер дәрігері Суханбердиева Г.Е «Темекі шегушіліктің алдын алу» және «Суицид» тақырыптарында қысқаша түсіндіріп өтті. Темекі адам өміріне зияны және обыр ісігіне әкеліп соғатындығы жөнінде айтты. Соңында бейнероликтер көрсетіліп, бетшелер таратылды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалар облыстық орталығының психолог маманы Сарсенова Дина Әбілхайырқызы тренинг жүргізді. Тренингтің аты – Лаберинг, Табыс, Байлық, Сүйіспеншілік. Конфликт қайдан туындайды, Құбыр, Жүрек, ойыны т.б. жүргізді. Оқушыларға қызықты болып өтті. Ары қарай «Ақ сұңқар» психодиагностикалық әмбебап кешені арқылы оқушыларды, медицина қызметкерлерін, мұғалімдерді, тесттен өткізді.
Психодиагностиканың негізгі мақсаты – жеке тұлғалардың депрессиясын, қаншалықты жеке тұлғалармен тіл табыса алатынын және жүйке жүйесінің төзімділігін анықтау. Тесттің қорытындысына қарай депрессиясы жоғары адамдарды психолог маманынан кеңес алуға сілтеме жасады. Өткізілген адам саны – 28