Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Халықаралық отбасы күні

Шараның мақсаты:

Жасөспірімдік  шақтан  бастап  жыныстық  жолмен  жұғатын  инфекциялардың

(ЖЖЖИ), АИТВ  жоспарсыз (ерте)  жүктіліктің алдын  алу, медицина қызметкерлерінің  барлық  ұсыныстарын  сақтауға  ұстамдылықты  қалыптастыру арқылы  қауіпсіз  мінез- құлықты  қалыптастырумен  еркектер  мен  әйелдердің  ұрпақ  өрбіту денсаулығын  сақтау  жөнінде  халықты  ақпараттандырды  арттыру.

13.05.2016 ж.  Мұнайлы аудандық Емханада, балалар  бөлімшесінде  «Халықаралық отбасы  күніне» «Ашық есік» күні ұйымдастырылып өткізілді.  СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық  филиалының мамандары, КЗР кабинетінің медбикесі түсіндірме  жұмыстарын жүргізіп, кеңестер беріп, отбасы құндылықтары туралы жас аналарға

кеңес берді. Барлығы 40 адам қамтылды. Бетшелер және аналармен балаларға арналған кітапшалар таратылды. Саны – 45.

Мұнайлы аудандық  Азаматтық  хал актілерін тіркеу бөлімі  басшысы  Кенганова  А.Б.  мен  Мұнайлы аудандық Емхана башысының орынбасары Шоланова Ж.А. СӨСҚПОО  Мұнайлы  аудандық  филиалының мамандары, некелескен  жастарды  құттықтап, сөз сөйлеп,  силыктар табыстады.

№7  орта  мектепте 13.05.2016ж.  «15 мамыр Халықаралық отбасы күніне» орай қыз балаларға «Ерте жүктілік, себептері, алдын алу шаралары» тақырыбында дәріс  өткізді. Өткізген акушер гинеколог Рамазанова Ж.А. және  психолог Жамалова Г.А  Қатысқан адам -50. Бетшелер -80 таратылды.

2016 жылдың «15 мамыр Халықаралық отбасы күніне» орай «Жүкті және босануға көмек беру» тақырыбында емханада гинеколог дәрігері Спанова А.Р. болашақ  аналарға семинар өткізді.

Әйел үшін бала туу- өмірінің ең маңызды, негізгі, сонымен қатар қиын кезеңі. Нәрестенің жайлы күйі, ана мен бала қосылуынан қуаныш пайда болуы әйелдің босануға жақсы дайындығына, көңіл күйіне, эмоциялық толқуына байланысты. Босану барысында қауіп –қатер  болмаған жағдайда дені сау әйелдің табиғи мінезіне тән физиологиялық босануға жағдай жасалынады.Босануға жан –жақты және психологиялық жағынан дайындалу керек. Бұндайда әйелдер «жеңіл босану» деп айтылатын сезім бастан кешіреді, және бұл өмір кезеңі ауырсыну, қорланушылық, қорғанысыздық естеліктерімен күнгірттенбейді. Сондықтан босануға дайындалған уақыт текке кетпейді. Босануға дайындау курстары барлық отбасыларына қажет. Тұңғыш бала күтіп жүргендерге ғана қатысты емес деп сөзін аяқтады. Дәрігер сұрақтарға толықтай жауап берді. Қатысқан  адам -15.