Шараның мақсаты:
Дүниежүзілік денсаулық күнінің мақсаты –аталған вирустық ауруға жұртшылықтың назарын аудару, халықтың әсіресе қауіпті топтағы тұлғалардың, жүкті әйелдердің және жұқтыру қаупі масадан қорғану шаралары туралы ақпараттылығын арттыру.
2016 жылдың 7 сәуір аралығын Зика қызбасымен және «Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай, алдын алу мақсатында, Халық көп шоғырланатын Мұнайлы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында байланыс торабында «Ашық есік» күндері ұйымдастырылып өткізілді. Ашық есікке СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары, емхана психологы тұрғындардың қан қысымын өлшеп, Зика қызбасының алдын алу туралы кеңестер берді. Барлығы 630 адам қамтылды. Таратылған бетшелер саны – 400
БарлықБМСККО, ДА мекемелері Зика қызбасымен және «Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай, алдын алу туралы халықты кеңінен алдын алу ақпараттандыру мақсатында, медицина қызметкерлері мен емделушілерге дәрістер, дөңгелек үстелдер, денсаулық мектептерінде семинар-тренингтер өткізілді. Қамтылған адам саны-320. Таратылған бетшелер саны -1500.
. Зика қызбасының әкелінуі мен таралуының алдын алу.
ҚР ҰЭМ ТҚҚК Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер – Ж.Бекшиннің 23.02.2016. жылғы «ҚР аумағына Зика қызбасының әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейту туралы» қаулысына сәйкес, Мұнайлы орталық аудандық емханасында Жастар орталығы кабинетінде 29.03.2016 күні эпидемиолог дәрігері Ж.Басбаева, инфекционист дәрігері С. Каймуллаев «Зика қызбасының эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы мәселелері» тақырыбы бойынша Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалар орталығының мамандарының қатысумен медицина қызметкерлеріне БМСККО, ДА меңгерушілеріне дәріс оқыды. Қатысқан адам саны-21
Мұнайлы аудандық №11,6,9 жалпы білім беру орта мектептерінде, эпидемиолог дәрігері Ж. Басбаева СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиал мамандарымен «Зика қызбасының алдын алу тақырыбында дәрістер, семинар-тренингтер жүргізді. Шара барысында оқушыларға 300-ге жуық бетшелер таратылып, 2 түрлі бейнеролик көрсетілді. Қатысқан оқушылар саны – 450.
7 сәуір Дүниежүзілік Денсаулық күнінеорай СӨСҚПОО ұйымдастыруымен, Ақтау каласындағы «Арман» жастар орталығында «Денсаулық -зор байлық» тақырыбымен «КТК-Жайдарман» ойындары кең шарасы өткізілді.Жайдарманға Маңғыстау облысының медицина қызметкерлерінің құрама командалары қатысты. 3-ші орынға Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының «Жүрек» командасы ие болды. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшылары жеңістерімен құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Қатысқан адам саны:200