«Отбасын жоспарлау мектебі»
Мұнайлы аудандық орталық
емханада, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалар облыстық орталығының
Мұнайлы аудандық филиалы мамандарының ұйымдастыруымен, терапевт дәрігері Д. Аманжолова «Жүктілікке дайындау және жүктіліктің алдында анемияның алдын алу»
тақырыбында жүкті аналарға семинар өткізіп, ақыл кеңесін
берді. СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының меңгерушісі Г.Жиенбаева қатысушыларға Денсаулық мектептерінің апта сайын өткізіліп тұратындығын, одан басқа "Босануға дайындау мектебі", "Дені сау бала кабинеті", "Жүкті аналар мектебі", "Ресурстық орталық" т.с.с мектептерінің толыққанды жұмыс жасайтынын айтып түсіндірді. Семинар барысында бейне ролик көрсетіліп, СӨСҚО медбикесі Ж.Джұбатханова науқастарға бетшелер таратты . Қатысқан адам саны – 16