Мұнайлы аудандық орталық емханада, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалар облыстық орталығының Мұнайлы аудандық филиалы мамандарының ұйымдастыруымен, КЗР медбикесі Б. Хайтжанова «Балаға күтім жасау және дамуы жөніндегі кеңестер» тақырыбында күту залындағы ата-аналарға семинар өткізіп, ақыл кеңесін бере отырып, емханадағы ресурстық орталыққа жіберіп отырды. Ресурстық орталықтың негізгі мақсаты баланы қалай тамақтандыру және қандай тамақ беру керек екендігін айта отырып, ата-аналарына қалай дайындап пісіру керектігініде үйретіп жібереді. Семинар барысында СӨСҚО медбикесі Ж.Джұбатханова ата-аналарға бетшелер таратып, бейне ролик көрсетті. Қатысқан адам саны – 10