Қатарлары азайып бара жатқан соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, үйлеріне барып, мұқтаждықтарына құлақ асу - бүгінгі ұрпақ парызы. Жақында Мұнайлы орталық аудандық емхана дәрігерлері және Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығының Мұнайлы аудандық филиалының қызметкерлері ардагерлердің үйлеріне кіріп, хал - жағдайларын сұрап, медициналық көмек көрсетті.
Жастары тоқсаннан асып бара жатқан қариялар соғыс көріп, талай қиын кезеңнің куәсі болғанына қарамастан әліде өз қатарластарына қарағанда тың көрінеді. Дегенмен, кәрілік жеңген кеуделерін бір күн болмаса екінші сырқат қинап, төсектен көп тұра алмайтын жағдайда.
Таяуда Маңғыстау селосындағы жаңа кварталдан салынған су жаңа үйлерден соғыс ардагері ретінде баспана берілген Фахрузиян Серебрякова әжей келген қонақтарды көзі көрмесе де, қыздарының айтуымен біліп, алғысын жаудыруда . Қазақстанға 2011 жылы Ресейден көшіп келген оның кіші сіңлісінің қызы Дилара отбасымен бірге әжейді бағып-қағуда. Жолдасым үш қызым бар. Әуелден анамның апасын өз қолыма алып, бағып келемін. Сондықтан Қазақстанға жұмыспен қоныс аударғанда да оны бірге ала келдім. Жолдасы ерте қайтты. Өзінен балалары болмады. Ата анасынын алты ағайынды болғанмен бәрі жан жаққа кетті. Бірқатары дүниеден озды. Далаға тастап кетпеймин ғой. бүгінде көзі көрмей, құлағы естімегенмен, өзі тұрып әжетханаға барып келе алады. Есту аппарында алып бергенбіз. Алайда, таққысы келмейді, жағдайы жаман емес шүкір. Міне айналдырған 4 жылда үй берді, - дейді ол. Қарияның жағдайын сұрап келгендердің бірі - Мұнайлы аудандық орталық емхана меңгерушісі Ж.Сариева әжейдің қан қысымын өлшеп, қол аяғын ұстап, оның денсаулығы дәрігерлердің үнемі назарында болатынын жеткізді. СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының меңгерушісі Г. Жиенбаева ардагерге тәтті тағамдар және тонометр сыйға тартты.
Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ардагер Ф.Серебрякова, Маңғыстау- 2 ауылында тұратын соғыс ардагері Ермек Құлиевтің орталық емхана окулист дәрігері В.Рахметова, кардиолог Г. Янгибаева, терапевт дәрігерлері Л. Рысбекова, Д, Турганова, ЭКГ медбикесі З. Сарсенова және СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары үйлеріне барып, ардагерлерді ЭКГ-ға түсіріп, қан қысымын өлшеп, көзшілік қысымын өлшеп, медициналық көмек көрсетті.