2023ж "Қан қысымы ауруының алдын алу".
Батыр дәрігерлік амбулаториясының ұйымдастыруымен "Қан қысымы ауруының алдын алу" тақырыбында түсіндіру
жұмыстары жүргізілді. Жалпы тәжірибелі дәрігер А. Бердимуратов дәріс оқып, қатысушыларға
дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, жалпы гигиена сақтау, салауатты өмір
салтын ұстану, профилактикалық тексерулерден өту жөнінде
түсіндірілді. Психолог маманы Г. Жамалова ақпараттық ағарту материалдарын таратып, бейнеролик көрсетті.